Облыс тұрғындарының
Н А З А Р Ы Н А!

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, 2020 жылдың жаңа жыл қарсаңында шырша ағаштарының жас талдарын қорғау, сақтау және заңсыз әкелу, әкетудіңжолын кесу мақсатында төмендегі жайларды ескертеді.
ҚР ЭГТРМ Орман және жануарлар дүниесі комитетінің (әрі қарай-Комитет) 2019 жылғы 28 қарашадағы № 17-5-6/87 бұйрығымен жаңа жылдық шыршалар дайындау және бұтақтардан құрама шыршалар дайындау, Комитеттің 2019 жылға облыстар бойынша бекітілген орманды күтіп-баптау және басқа да кесулер есебінен сүрек дайындау көлеміне сәйкес және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге жаңа жылдық шыршаларды босату Комитеттің рұқсатымен облыс әкімдіктерінің тапсырыстарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Комитеттің бұйрығына сәйкес, жекелеген тұрғындар үшін тек ғана құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалар сатылатын болып белгіленген.
Осыған орай, тұрғындар жаңа жылдық шыршаларды, қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтарынан жасалған және арнайы ыдыстарда қолдан өсірілген шыршаларды сатып алуына болады.
Жаңа жылдық шыршаларды облыс көлеміне әкелу, әкету және сатып алу деректеріне куә болған жағдайда, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 23-19-66, 23-72-89 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Облыс көлемінде жаңа жылдық тірі шыршаларда Комитеттің рұқсатысыз, заңсыз тасымалдаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа тартылатын болады.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
8-7242-231966, 237289